Мамырдың 12-13 аралығында АҚШ-та АСЕАН саммиті өтеді деп жоспарлануда. Бірнеше күн бұрын Ақ үйде Жоу Байден АСЕАН елдерінің басшыларымен кездесетінін мәлімдеді. Байден Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтмақтастықты сақтау өзінің сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі екенін айтты.

Аталған саммит анығында наурыз айының соңына өтетін болып жоспарланған, алайда, ұйым мүшелерінің кейбіріндегі үйлестіру жұмыстарына байланысты кешеуілдеді. Мамырдағы саммитте АҚШ-АСЕАН қарым-қатынасының 45 жылдығы да аталып өтеді. Құрама Штаттар бұрын да қазір де Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін негіз еткен аталған экономикалық ұйыммен тығыз байланысын ұстап келеді. Байден әкімшілігінің өзі пандемияға қарсы ортақ күрес аясында АСЕАН мүшелеріне 100 миллион АҚШ долары көлеміндегі көмек беру бағдарламасын қабылдаған.

Құрама Штаттардың АСЕАН елдерімен байланысты дамытудағы мақсаты Үнді-Тынық мұхит стратегиясына сәйкес, аймақтағы көтерілп келе жатқан Қытайдың бәсекелестігіне төтеп беру.

Өткен айда Байден Сингапур премьер-министрі Ли Сяньлунмен Ақ үйде кездескен болатын. Кездесуде Байден Еуропалық одақтастар, серіктестермен бірге Ресейдің Украинаға бағыттаған агрессиялық қадамдарына қарсы күресіп жатқандарына қарамастан, Үнді-Тынық мұхит аймағындағы ынтымақтастықты алға жылжытуға мүдделі екенін танытты.

АСЕАН – Шығыс-Оңтүстік Азияда ғана емес, Үнді және Тынық мұхит аймағындағы аса жоғары экономикалық маңызға ие. Құрамында Бруней, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Таиланд және Вьетнам қатарлы елдерді қамтиды.

The Qazaq Times