Ирак президенті Фуад Масум Ирактың Иранға қарсы Америка Құрама Штаттары тарапынан енгізілген санкцияны сақтамайтындығн мәлімдеді. Бұл туралы «abhaber.com» хабарлайды.

Оның айтуынша, Иран мен Ирак арасындағы тығыз қарым-қатынас санкция режимін қолдауды мүмкін емес етуде. Масумның пікірінше, Ирактың премьер-министрі Хайдер аль-Абади Уашингтонға қолдау көрсету туралы мәлімдемесі арқылы асығыстық жасаған. Еске салайық, үстіміздегі жылдың мамыр айында АҚШ 2015 жылы жасалған ядролық келісімшартты бұзып, Иранға қарсы санкция салған болатын. Осыған орай мәлімдеме жасаған Ирак премьер-министрі Хайдер аль-Абади Американың осы шешімін қолдайтындарын айтып, осы мәлімдемесі ел ішінде де, өзге елдер тарапынан да үлкен теріс пікір қалыптастырған еді.

“The Qazaq Times”