Оңтүстік Кореяның апелляциялық соты елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хені 25 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады «lemonde.fr». Осылайша, сот осы жылдың сәуір айында енгізілген үкімді өзгерткен.
Апелляциялық сот Пак Кын Хеге қарсы істі алдыңғы үкімді өте әлсіз деп санаған прокурорлардың талабынан кейін қайта қолға алған еді. Осыдан бұрын да сайтымызда жазғанымыздай, Пак Кын Хе жемқорлық пен қызметін асыра пайдаланушылыққа қатысты айыпталған. Елдің бұрынғы президентіне қатысты саяси дау 2016 жылдың қазан айында басталған. Зерттеу нәтижесінде Хенің жақын құрбысы Чхве Сун Силь ұзақ жылдар бойы мемлекеттік істерге араласып, жоғары деңгейдегі саяси шешімдердің қабылдануына киліккен. Одан бөлек, экс-президенттің құрбысы өзіне қарасты қорларға миллиондаған доллар аударылуы үшін көптеген компанияларға қысым көрсеткен. Еске салайық, Пак Кын Хе президенттік лауазымнан 2017 жылдың сәуір айында шеттетілген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді