Бүгінде маңызды мəселенің біріне айналған дəрі-дəрмек бағасының ала-құлалығы жұртшылықты алаңдатады. Теңге құнсызданған сайын, елдегі фармацевтикалық өнімдердің бағасы да шарықтап тұр. Қаладағы бірнеше дәріханаларды салыстыра отырып осындай шешімге келдік. Ал өзге де мемлекеттермен салыстырғанда отандық препараттардың құны екі-үш есеге жоғары. Сол себепті тұрғындар дәрі алуға қыруар қаржы жұмсайды.
Сандар сөйлейді
Қазақстанда фармацевтикалық дəрілерді шығаратын үлкенді-кішілі 79 компания мен дәрінің 8 мыңға жуық түрі тіркелген. Бірақ түпнұсқалық фармацевтикалық өнімдер әлі күнге дейін өндірілмейді. Басым бөлігі Германия, Франция, Ресейден жеткізіледі. Дәрі-дәрмектің 95 пайызға жуығы, ал фармацевтика өндірісінің 61 пайызы сырттан алынады. Шетелден жеткізілді деген сөз, дәрі құны да өзге валютамен белгіленеді дегенді білдіреді. Былтыр елімізде фармацевтикалық нарықтағы ақша айнылымы 458 млрд теңге болса, оның 277 млрд теңгесі (60%) халықтың қаржысынан құралған. «Vi-ORTIS» компаниясы жүргізген маркетингтік зерттеулерге сай, 2017 жылы қаңтар мен мамыр аралығында Қазақстанда зең ауруларын емдеуге арналған дəрілердің саны 617 776 қаптама, 925,3 млн теңге болыпты. Бұл дəрілердің барлығы дерлік сырттан əкелінген, ал отандық препараттардың үлесі тек қана 3%.
Отандық фармөндірушілердің басым бөлігі импорттық шикізат негізінде қарапайым дəрілік заттар – галенді препараттар, анти-септиктер (қайнатпалар, тұнбалар) шығарумен айналысады.
Біз айтпасақ...
Осы жылдың қаңтар айында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды тегін дәрімен қамтамасыз етуді басшылыққа алғанын айтқан болатын. Қазіргі күнде бюджет ақшасының жөнді үнемделмеуіне байланысты бұл іс өз шегіне жете қоймады. Жүйелі істе нақты нәтиже болуы үшін отандық фармацевтиканың өндірістік секторын құру мəселесін қолға алған жөн. Бұл – жоғары технологияны қажет ететін жəне қымбатқа түсетін күрделі сала. Есесіне, сыртқы саудада ірі жетістікке қол жеткізуге болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көрсеткіш бойынша Қазақстандағы фармөнімдер өндіру деңгейі екі есе төмен. Дамыған елдер дəрі-дəрмектің 65-90% өздері өндіреді. Демек, мемлекет қаражаты импорт пен экспортқа және меншікті фармацевтика өнеркəсібінің дамуына жұмсалады. Бұл көрсеткіш Испанияда – 63, Францияда – 54, Израильде – 42, Ресейде – 35, Белоруссияда – 25, Грузияда –20, Латвияда 15 пайызды құрап отыр.
Қалалар мен аудан, ауыл-аймақта орналасқан дәріханалардағы препараттар бағасының айырмашылықтары 15-25%-ға дейін. Егер қандай да бір дәріге тапшылық туындаса, үстеме баға тіпті жоғарылап кетеді. Мәселен, тұмауды емдеуге арналған «Флуконазол» 100 мг № 10 қалада 555 теңге болса, ауыл-аймақтарда 600-ден асады. Онымен қоса, бір жылда халықтың 120-130 млн теңгесі жасанды дәрі-дәрмекке кетеді екен. Бұл – таяқтың екінші ұшы. Сапасыз, жасанды дәріні сатылымға шығарғаны үшін Ұлыбританияның қылмыстық атқару жүйесі жазықтыларды бас бостандығынан айырады. Ал АҚШ пен Францияда сатылымға шығарған компанияларға 2 миллион доллар көлемінде айыппұл салу туралы заң жобасы бар. Өкінішке орай, бізде қатаң қағида, «қой дейтін қожа» болмай тұр.
«Микроскоптағы баға»
Дәрілердің шектік бағасымен қатар, көшірме нұсқасының бар екенін қаперде ұстаған жөн. Мысалы, бір ауруға қатысты дәрі бірнеше атаумен сатылуы мүмкін. Баға айырмашылықтары әртүрлі болғанмен, құрамы ұқсас. Дәрілердің рецептісі бірдей болса да, әртүрлі фармацевтикалық компаниялар өндіреді. Өндіру барысында әр компания дәріге дәмді компоненттер қосып, лимон қабығымен нәрлендіреді. Бұл әдіс препараттардың нарықта ерекшелене түсуі мен құнының өсуі үшін жасалады. Алғашқы болып айналымға енгізілген түпнұсқалар көшірмеден қымбат. Бірақ, түпнұсқа дәріні басқа көшірмемен дәрігердің рұқсатынсыз ауыстыруға болмайды.
Төмендегі кестеде көшірме-дәрілер мен баға айырмашылығы көрсетілген.
Дәрі-дәрмектің белгілі бір сырқатқа қолданылуы | Халықаралық патенті жоқ дәрілер немесе дәрмектің құрамы | Қымбат бағалы нұсқа | Баға
тг |
Арзан бағалы нұсқа | Баға
тг |
Аллергияны емдеу | Лоратадин | Кларитин, 10 мг, 7 табл. | 1550 | Ломилан, 10 мг, 10 табл. | 1250 |
Кларидол, 10 мг, 7 табл. | 1100 | ||||
Лоратадин-Верте, 10 мг, 10 табл. |
850 | ||||
Цетиризин | Зиртек, 10 мг, 7 табл. | 1750 | Цетрин, 10 мг, 20 табл. | 1080 | |
Парлазин, 10 мг, 7 табл. | 700 | ||||
Күйік шалған жерді емдеу үшін | Декспантенол | Бепантен, крем, 5%, 30 г | 1200 | Пантенол, крем, 5%, 35 г | 1100 |
Тұмауды емдеуге арналған | Тербинафин | Ламизил, гель, 1%, 15 г | 3500 | Тербизил, гель, 1%, 15 г | 1750 |
Экзифин, гель, 1%, 10 мг | 1000 | ||||
Итраконазол | Орунгал, 100 мг, 14 капсулалы |
17000 | Румикоз, 100 мг, 14 капсул | 6000 | |
Текназол, 100 мг, 15 капсул | 5200 | ||||
Эсзол, 100 мг, 10 табл. | 3000 | ||||
Флуконазол | Дифлюкан, 150 мг, 1 таблетка | 5150 | Микосист, 150 мг, 1 табл. | 2300 | |
Микомакс, 150 мг, 1 капсула | 1700 | ||||
Флуконазол, 150 мг, 1 табл. | 550 | ||||
Көз ауруларын емдеу | Дексаметазон | Максидекс, тамшылары, 0,1%, 5 мл | 850 | Медексол, тамшылары, 0,1%, 5 мл | 740 |
Дексаметазон, тамшылары, 0,1%, 10 мл | 200 | ||||
Тамақтануға қатысты емделу | Панкреатин | Мезим, 3500 ЕД, 80 табл. | 600 | Панкреатин, 3500 ЕД, 60 таблетка | 210 |
Панзинорм | Креон 10000, 150 мг, 20 капсулалы | 2350 | Панзинорм 10000, 150 мг, 21 таблетка | 1200 | |
Омепразол | Омез, 20 мг, 30 табл. | 1700 | Ультоп, 20 мг, 28 таблетка | 450 | |
Омикап, 20 мг, 30 капсулалы | 300 | ||||
Омепразол-акос, 20 мг, 30 таблетка | 210 | ||||
Ранитидин | Ранисан, 150 мг, 20 табл. | 500 | Ранитидин-акос, 150 мг, 20 таблетка | 80 | |
Домперидон | Мотилиум, 10 мг, 30 таблетка | 2700 | Дамелиум, 10 мг, 30 таблетка | 1300 | |
Мотинорм, 10 мг, 30 таблетка | 1250 | ||||
Домпи, 10 мг, 30 таблетка | 780 | ||||
Тері ауруларынан емделу | Бетаметазон и салицил қышқылы | Дипросалик, жақпа май, 30 г | 4100 | Белосалик, жақпа май, 30 г | 1800 |
Дәрумендер | Тиамина хлорид (В 1), пиридоксина гидрохлорид (В6), цианокобаламин (В 12) | Нейромультивит, 20 таблетка | 1350 | Пентовит, 50 таблетка | 410 |
Тамыр жарақатын емдеу | Симвастатин | Зокор, 20 мг, 28 таблетка | 3100 | Вазилип, 20 мг, 28 табл. | 2500 |
Симвор, 20 мг, 28 таблетка | 2200 | ||||
Симвастерол, 20 мг, 28 таблетка | 2050 | ||||
Верапамил | Изоптин, 40 мг, 50 таблетка | 1400 | Верапамил, 40 мг, 50 таблетка | 300 | |
Изорбида мононитрат | Оликард, 40 мг, 20 капсулалы | 2250 | Монокард, 40 мг, 30 табл. | 970 | |
Моносан, 40 мг, 30 табл. | 850 | ||||
Ацетилсалицил қышқылы | Аспирин-кардио, 100 мг, 30 табл. | 820 | Годасал, 100 мг, 60 табл. | 530 | |
Розувастин | Крестор, 10 мг, 28 табл. | 5600 | Роксера, 10 мг, 30 табл. | 3000 | |
Мертенил, 10 мг, 30 табл. | 2800 | ||||
Липозит, 10 мг, 30 табл. | 2000 | ||||
Қан қысымын түсіру | Нифедипин | Коринфар ретард, 20 мг, 30 табл. | 1100 | Кордипин ретард, 20 мг, 30 табл. | 700 |
Нифедипин, 10 мг, 50 табл. | 400 | ||||
Бисепролол | Конкор, 5 мг, 30 табл. | 1250 | Коронал, 5 мг, 30 табл. | 1000 | |
Нипертен, 5 мг, 30 табл. | 900 | ||||
Бисепролол, 5 мг, 30 табл. | 530 | ||||
Эналаприл | Энап, 10 мг, 20 табл. | 910 | Энам, 10 мг, 20 табл. | 770 | |
Карлон, 10 мг, 20 табл. | 320 | ||||
Эналаприл-акос, 20 мг, 20 табл. | 70 | ||||
Амлодипин | Норвакс, 10 мг, 30 табл. | 7050 | Нормодипин, 10 мг, 30 табл. | 4900 | |
Тенокс, 5 мг, 30 табл. | 3000 | ||||
Короним, 10 мг, 20 табл. | 2200 | ||||
Амлодипин Канон, 10 мг, 30 табл. | 900 | ||||
Лозартан | Лозап, 50 мг, 30 табл. | 2280 | Лориста, 50 мг, 28 табл. | 2070 | |
Сентор, 50 мг, 30 таблетка | 1070 | ||||
Инсультті емдеу | Клопидогрел | Клопидогрел Плавикс, 75 мг, 14 табл. | 8150 | Зилт, 75 мг, 28 таблетка | 4700 |
Бауырды емдеу | Урсодеоксихол қышқылы | Урсофальк, 250 мг, 10 капсулалы | 7580 | Урсосан, 250 мг, 10 капсулалы | 1150 |
Тилорон | Лавомакс, 125 мг, 12 таблетка | 5200 | Амиксин, 125 мг, 10 таблетка | 4000 |