Бір жыл бойы үнсіз жатқан «Ислам мемлекеті» террорлық тобының жетекшісі реми мәлімдеме таратып, жақтастарын күресті жалғастыруға шақырды және қарсыластарын «қара түнек күтіп тұр» деп ескертті. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық топтың жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидың кезекті таратқан хабарламасы 54 минутқа созылған. Онда Бағдади жақтастарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мақсаттарынан бас тартпауға шақырған. Сондай-ақ, өзінің қазірге дейін төзімділік танытқан қолдаушыларына «жақсы жаңалығының» бар екенін де айтып өткен. Хабарлама барысында, соңғы жағдайлар туралы айта келіп, бұл құлдырау әсте «Ислам мемлекетіне» тән емес екенін, керісінше "Құрама Штаттың құлдырауға бет алды" деп көрсеткен.
Құрама Штаттың Орта-Шығыстағы әскери күштері және барлау қызметі аталған дыбыстық хабарламаны тыңдаған. Алайда, хабарламаны Бағдадидың жасағанын тұрақтандырып мәлімдеме жасамады.
Дегенмен, кейбір сарапшылардың ықпалды ақпарат агенттіктеріне берген жауабына негізделсек, хабарлама Бағдадидың өз аузынан жасалған деп тұрақтандыруға болады. Олар және хабарлама жақында жасалған деген пікірде. Себебі, хабарламада Құрбан айт туралы құттықтаулар және АҚШ-Түркия арасындағы қайшылықтар туралы сөз болған.
Абу Бакр әл-Бағдади ең алғаш 2014 жылы Ирактың Мосул қаласында жұрт көзіне түскен еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы