Польшаның Камень-Поморский қаласында тергеу бөлімінің полицейлері шаршағандықтан, уақытша еңбекке жарамсыз түріндегі демалысқа кеткен. Бұл туралы lanouvellerepublique.fr Польша полицей қызметкерлерінің тәуелсіз кәсіподағының хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицей қызметкерлерінің тәуелсіз кәсіподағы бұны — полицейлердің қызметтік міндеттерінің шектен тыс көбейіп кеткендігімен түсіндірген. Кәсіподақ басшысы Рафаль Янковскидің айтуынша, полиция қызметкерлерінің шеруге шығу құқықтары болмағандықтан, бұл қандай да бір қарсылық науқаны емес. Бөлім басшысы бұл өрескелдікті кадр жетіспеушілігімен түсіндіріп, осындай жаз мезгілінде оларға артылған қызметтік міндеттің шектен тыс көбейіп кеткенін айтқан.

Бірақ, өздеріне қарсылық шеруіне шығу құқығы берілмесе де, 10 шілде күні Польшадағы бүкіл полиция қызметкерлері жаппай қарсылық науқанына шыққан. Олар жалақыларының көбеюі, 2013 жылдан бері алынып тасталған зейнетке мерзімінен бұрын шығу құқығының қайтарылуы сияқты талаптармен билікке үндеу тастауда.

“The Qazaq Times”