 
                                    Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ел тарихында осымен екінші рет Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Сарыарқа төрінде «Рухани қазына» фестивалі өтті.
Елорданың рухани ошағына айналған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында облыстық және ауыл мен аудандық үздік кітапханалар мен кітапханашылар білімнен бәсекеге түісіп, бақ сынады.
Іс-шара барысында әр өңірден келген қатысушылар өз жетістіктерін баса айтып, өз ісінің нағыз майталман маманы екенін көрсетті. Ойда жүрген идеияларын ортаға салып, Қазақстандағы кітаптарды цифрлық технологияға көшіру және сол арқылы кітап құндылығын көрсету мәселелері жөнінде өз жобаларын таныстырды. Одан бөлек, латын әліпбиіне көшу, қазіргі заманғы жастардың кітап оқу ісіне деген құлшыныстарын арттыру, жалпы алғанда кітапқа деген қоғамның қызығыушылығын ояту мәселелерін кеңінен талқылады.
Бұл шара мемлекеттік музейлер, мемлекеттік кітапханалар арасында өтетін республикалық «Рухани қазына-2019» байқауының үздіктерді анықтау аясында өткен болатын.
Мемлекеттік музейлер мен мемлекеттік кітапханалар арасында өткен республикалық «Рухани қазына-2019» байқауының нәтижесі 22 мамыр күні жарияланып, үздіктер анықталды. Онда, облыстық және ауыл мен аудандық үздік музейлер мен музей қызметкерлері, облыстық және ауыл мен аудандық үздік кітапханалар мен кітапханашылар марапатталды.
Айта кетсек, аталған шараның мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу болып табылады.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді