Иран Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Бахрам Ғасеми АҚШ-тың Иранға қаратқан санкциясы туралы пікір білдіріп, бұл шараның ешқандай пайдасыз және нәтижесіз екенін айтқан. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Бахрам Ғасемидің айтуынша АҚШ санкциясы Иранның экономикалық құрылымына айтарлықтай үлкен әсер ете қоймайды. Бұған Иранның өңірдегі маңызды стратегиялық орыны мен ықпалы себеп болатынын алға тартқан. Ол сөзінде: «Иран аймақтағы салмағы бар елдердің бірі және қазіргі кезде жаһандық қолдауға ие. Әлем елдерінің компаниялары АҚШ-тың қоқан-лоқысына қарамастан Иранмен ынтымақтастық орнатуға ынталы», – деді.
Иран лауазымдыларының айтуынша бұл текетірестегі жеңілуші АҚШ президенті болмақ екен. Алайда, қазіргі кезде Иранның ішкі әлеуметтік толқуы барған сайын күшейіп келеді. Үкімет лауазымдылары кезегімен мәлімдеме жасап, «Иран халқын кезекті қиыншылықтан да тыныштықпен өтуге» шақыруда.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел