АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінде Ресей тыңшысы он жылдан астам уақыт жұмыс істеген - деп хабарлайды Ұлыбританияның «The Guardian» газеті.
Басылым мәліметінше, Ресей арнайы қызметіне жұмыс істеген әйелді АҚШ құпия қызметі жұмысқа алған. Ол елшілік электронды поштасы мен ішкі желісіне еркін кіре алған. Тыңшы АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Майк Пенстің жұмыс кестесіне қатысты құпия мәліметтерді алып отырған болуы керек.
2016 жылы арнайы қызмет елшілік қызметкерінің Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің адамдарымен кездесулер өткізгенін анықтаған. «The Guardian» газетінің хабарлауынша, Ресей азаматын шу шығармастан жұмыстан шығарып жіберген. Ол 2017 жылы Ресейдің америкалық дипломаттардың елден шығарылуы қарсаңында жұмыстан шығарылған, делінеді газет мәліметінде.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды