Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті – деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, шілде айының 31-і күні таңғы сағат 8-05 шамасында Жамбыл облысына қарасты Қашқантеңіз-Жастар өткелінің Мойынты – Шығанақ бөлігінде жүк пойызы рельстен шығып кеткен. Төтенше жағдай салдарынан қазіргі таңда бес бірдей жолаушылар пойызы бөгеліп тұр. Алдын ала болжам бойынша, жүк вагондарының рельстен шығуына бір вагонның жанама рамасының сынуы себеп болған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін маусым айының 17-і күні дәл осы Жамбыл облысына қарасты Сарышаған-Шу теміржол бөлігінде Алматы-Астана бағытындағы №9 жолаушылар пойызының 20 вагоны рельстен шығып кетіп, салдарынан 23 адам жарақаттанып, бір жасөспірім көз жұмған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды