Түркия қарулы күштері Ұлан-Батыр қаласында Моңғолия билігінің рұқсатынсыз арнайы операция жасамақ болған.
«The New York Times» басылымының мәліметінше, шілде айының 27-і күні Ұлан-Батыр қаласында Түркия арнайы қызмет өкілдері Фетуллах Гүлен жақтастарының бірі Вейсел Акчайды ұрлап алып кетпек болған. Алдын ала болжам бойынша, Түркия агенттері Вейсел Акчайды үйінің алдынан «Toyota» авто көлігіне күштеп мінгізіп, «Шынғыс хан» атындағы халықаралық әуежайда күтіп тұрған Түркия әуе күштеріне тиесілі «Flightradar -24» ұшағы арқылы елден алып шықпақ болған.
Дәл осы күні Моңғолия сыртқы істер министрлігі Вейсел Акчайға қатысты жасалған әрекетті «Моңғолия тәуелсіздігі мен тұтастығына нұқсан келтіру» деп бағалаған. Ал ел үкіметі Түркия ұшағына әуеге көтерілуге тыйым салған.
Әзіргі Түркия билігі аталмыш мәселеге байланысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған. Айта кететін бір жайт, бұған дейін ресми Анкара Фетуллах Гүленнің өзге елдердегі жақтастарын аталмыш мемлекеттердің келісімі бойынша Түркияға экстрадициялайтындықтарын мәлімдеген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды