Тамыз айының 12-і күні Ақтау қаласында V Каспий саммиті өтетін болды.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, V Каспий саммитіне Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей және Иран басшылары қатысады. Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерді талқылайды және арнайы Конвенция қабылдайды деп күтілуде.

Бұдан бөлек бас қосуда мемлекет басшылары бес жақтық үкімет аралық құжаттарға, сауда-экономикалық, қауіпсіздік, экология және транспорт салалары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қатысты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

Айта кететін бір жайт, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келісімге жоғарыда аталған бес мемлекет 20 жылдан астам уақыт бойы белігі бір келісімге келе алмай келген болатын. Оған басты себеп Каспий жағалауында орналасқан Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей және Иранның теңізді өз ара бөлісе алмауы. Сарапшылар пікірінше, 2003 жылға дейін тараптар Каспий теңізін тек алып су бассейні және пайдалы қазба байлықтарының алтын қоры ретінде көрсе, 2003 жылдан кейін аймақ геосаяси, геоэкономикалық маңызға ие бола бастаған.

 

“The Qazaq Times”