Бұған дейін 24 жылға түрмеге жабылған Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің жазасына тағы 8 жыл қосылды. Бұл туралы «Yonhap» агенттігі хабарлайды.
Сеул аймақтық соты оны екі түрлі қылмыс бойынша, алты және екі жылға бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар, сот оған 2,91 длн доллар көлемінде айыппұл салған. Айта кету керек, үстіміздегі жылдың сәуір айында Сеул орталық соты экс-президентті 24 жылға соттаған еді. Оған жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік құпияны жариялау және басқа да қылмыстар бойныша іс қозғалған болатын. Негізінде, Пак Кын Хеге қатысты жемқорлыққа байланысты дау 2016 жылы басталған. Тергеу нәтижелері бойынша, Пак Кын Хенің жақын құрбысы Чхве Сун Силь, экс-президентпен арадағы достығын пайдалана отырып, Samsung және Lotte сияқты ірі корпорациялардан ақша бопсалаған. 2016 жылдың соңында Корея Парламенті Пак Кын Хені сотқа тартып, 2017 жылдың сәуірінде оған айыптаулар тағылған. Ал оның құрбысы Чхве Сун Силь 2018 жылдың ақпан айында 20 жылға жемқорлық пен мемлекеттік істерге араласты деген айыптаулармен бас бостандығынан айырылған. Ол сонымен қатар 16.6 млн. доллар айыппұл төлеуге міндеттелген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі