Біріккен Ұлттар ұйымы тарихта алғаш рет көші-қон туралы келісімшарттың мәтінін мақұлдады. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Мирослав Лайчак мәлімдеген. Енді, осы аталған ресми құжат осы жылдың соңында Мароккода өтетін желтоқсан конференциясында қабылданады, - деп хабарлайды lemonde.fr.
Дипломаттың сөзінше, құжат адам құқықтарын бақылау мен мемлекеттің егемендігін сақтаудың ара-қатынасында тиімді әрі ортақ мәміле табуға көмектеседі. Сонымен қатар, аталған келісімшарт босқындардың санын азайтуға бағытталмаған, алайда ұйымға босқындарға қатысты келеңсіздіктердің алдын алуда мемлекеттердің ынтымақтастығы мен белсенділігін арттыру үшін мүмкіндік береді. Негізінен, босқындардың құқықтарына бағытталған құжат мәтіні бір жарым жыл бойы тексерілген. Лайчактың айтуынша, осы мерзім ішіне 2,1 мың адам қаза тапқан, олардың 400-і балалар. Онда да, осы статистикаға адам саудасымен айналысушылардың қолына түскен қыз-келіншектер енгізілмеген.
Маусым айының соңында Еуроодақ елдері кезекті саммит кезінде көші-қон дағдарысын реттеуге арналған келісімшартты мақұлдаған еді. Енді, ЕО-ға мүше елдер босқындарды ерікті түрде қабылдай алады. Алайда, одақ мүшелерінің арасында оларды міндеттеп бөлу қарастырылмаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті