АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин келісімге келуі мүмкін – деп хабарлайды «Politico» басылымы Ақ үйдегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.
«Politico» басылымының Ақ үйдегі ақпарат көзінің мәліметінше, Трамп пен Путин Хельсинк қаласындағы бас қосуда белгілі бір жайттар бойынша келісімге келуі мүмкін. Олардың ішінде Сүрия мен Ауғанстандағы соғыс, Украина мәселелері сияқты өзекті мәселелер бар.Бірақ әзірге Трамп пен Путиннің аталмыш мәселелерді шешуде нақты қандай келісімге келетіндігі белгісіз.
Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Трамп пен Путиннің келіссөздер өткізуге қатысты жасаған қадамдарының өзі үлкен жетістік. Себебі соңғы жылдары АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы бұрын соңды болмаған ең төменгі дәрежеге жеткен.