Ұлыбританияда қауіпсіздік жөніндегі министр Бен Уоллес Эймсберидегі әйел мен ер адам уланған оқиғаны қасақана жасалған деп санамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы франциялық lemonde.fr басылымы хабарлайды.
Министрдің сөзіне сілтеме жасаған ақпарат көзінің хабарлауынша, екі жұптың басына келген қайғылы жағдайдың Скрипальдардың оқиғасына еш қатысы жоқ. Болжам бойынша, олар Ресейдің Барлау қызметінің бұрынғы офицері мен қызы уланған заттектердің қалдықтарынан зардап шеккен болулары мүмкін. Сонымен қатар, министр әлі де Сергей және Юлия Скрипальдардың улануына Ресейдің қатысы бар деп есептейтінін айтқан.
Еске сала кетсек, 4 шілде күні британиялық полицейлер Солсбери түбінде тағы да улану оқиғасы тіркелгені туралы ақпар таратқан еді. Эймсбери қалашығындағы бір ғимаратта 40 жастар шамасындағы әйел мен ер адам ес-түссіз күйде табылған еді. Олардың «белгісіз заттегі» пайдаланғандары анықталған. Эймсберг 4 наурыз күні Скрипальдер уланған Солсбери қаласынан 15 шақырымда орналасқан.
Енді, осы оқиғаға орай, бүгін 5 шілде күні британиялық "Cobra" үкіметінің төтенше комитеті шұғыл отырыс өткізуде. Отырысты Ұлыбританияның Ішкі істер министрі Саджид Джавидтің жеке өзі қолға алуда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді