Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік Қызметі (ФҚҚ/ФСБ) қандай электронды құрал-жабдықтарды қолдану тыңшылық әрекеті деп саналатынын анықтайтын заң жобасын әлеуметтік талқыға салуда. Себебі, соңғы кездері Ресейде кейбір электронды құрал-жабдықтарды қолданғаны үшін қылмыстық іс қозғалған жағдайлар бірнеше рет тіркелген.
ФҚҚ бұл туралы ел азаматтарына кеңірек түсінік беруге шешім қабылдап отыр. Былтыр Курган облысында бір фермер өрістегі малына электронды орын белгілеу (GPS) таққаны үшін тыңшылықпен айыпталған. Ал фермер болса өзінің малдарының қайда жайылып жүргенін бақылауды көздегенін айтады. Кейін президент Путиннің араласуымен, яғни баспасөз мәлімдемесін жасап мәселені дұрыс жағынан қарап тексеруді тапсырғаннан кейін ғана қылмыстық іс тоқтатылған.
Ресейде қаламсап немесе түсті көзілдірікке орнатылған видео камера немесе дыбыс жазу құрылғылары да жазаға тартылуы мүмкін. Кезекті заң жобасын ФҚҚ өзінің ресми сайтында жариялады. Егер бұл заң жобасы қабылданып жатса РФ-ның қылмыстық және әкімшілік басқару туралы кодексіне өзгертулер енгізілмек. Тыйым салынған электронды құрал-жабдықтардың қатарында арнайы компьютерлік программалар да енгізілген.
Осыған дейін Ресей заңдарында «тыңшылық құрал-жабдықтар» деп атын атап, түсін түстеп беретін заң болған емес. Қазір осындай заң жобасы әлеуметтің талқысына түсуде.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді