Германияның жоғары оқу орынында жұмыс істеген 29 жастағы Ресей азаматына прокуратура тыңшылық айыбын тақты. Илнур деген атпен белгілі болған ресейлік азамат өткен аптада мәліметтерді Ресейге берген деген күдікпен ұсталған болатын.

Бұл туралы BBC таратқан мәліметтерге қарағанда, күдікті Ресей азаматы Германияның жоғары оқу орынында (елдегі қайсы университет екені айтылмаған) ғылыми зерттеушінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Тергеу мәліметтері көрсеткендей ол соңғы 8 ай ішінде Ресейдің барлау қызметінің өкілімен 3 рет кездескен. Ол университет туралы мәліметтерді Ресей барлау қызметіне бергені үшін ақша алып тұрған деген күдік бар.

Ақпарат құралдарында күдікті ресейлік Бавариядағы Аугсбруг университетінің механикалық инженерлік бөлімінде жұмыс істегені айтылуда. Қазір Германия полициясы тергеу амалдарын жүргізіп, жұмыс орны мен үйіне тінту алып барған. Егер тыңшылық жасағаны расталса Германияда бес жыл қамау жазасын өтемек.

“The Qazaq Times”