Қазақстандықтар шілде айының бірі күні алғаш рет «ұлттық домбыра күнін» атап өтті.
Шілде айының бірі күні мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана және Алматы қалаларында домбыра күніне орай бұқара халыққа арналған мерекелік шара болып өтті. Астана қаласының «Қазақ Елі» монументі ескерткішінің алдында екі мың домбырашы бір мезгілде «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке Сылқым» және «Сарыарқа» сынды бірнеше танымал күйлерді орындады. Күйлерді орындауға танымал музыканттар, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.
Сондай-ақ, сахнаға Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрі, «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық ұлт аспаптар оркестрі және Астана қаласы ұлт аспаптар Мемлекеттік академиялық оркестрі әртістері өз өнерлерін көрсетті.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды