Мұнай державасы әлемдегі ең кедей елдердің көшін бастап тұр.
СNN телеарнасының мәліметінше, биылғы жылы Африка құрлығының мұнай өндірудегі көш басшысы Нигерия кедей елдердің көшін бастаған. Ел халқының 44,4 пайызының атап айтқанда 87 миллион адамның күндік жалақысы 1,9 доллардан ары аспайды. Бұл көрсеткіш әлемдік биржада мұнай бағасының құлдырауынан кейін мүлде төмен деңгейге жеткен.
Жалпы, қазіргі таңда әлем бойынша 18 мемлекетте кедейлік деңгейі жыл сайын өсуде. Оның ішіндегі 14 мемлекет дәл осы Африка құрлығында орналасқан.
Айта кететін бір жайт, біздің елімізде 2017 жылдың ІІ кварталы бойынша, кедейлік шегі айына 9784 теңге болған. Егер 9784 теңгені күнге бөлетін болсақ, онда кедей адамның күндік табысы 326 теңгені құрайды. АҚШ долларына шаққанда бұл бір долларға да жетпейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?