Ливия Ұлттық әскери отряды Әл-Каида террористік ұйымының жетекшілерінің бірі Әбу Сафьян бен Камуды тұтқынға алды, - деп хабарлайды жергілікті «Al Arabiya» телеарнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, Әбу Сафьян бен Каму Дерна қаласындағы террористерге қарсы соңғы операция барысында қолға түсірілген. 59 жастағы бен Каму 1980 жылдардың ортасында Ливиядан шыққан. Ол Судан арқылы Ауғанстанға жетіп, Әл-Каиданың жаттығу лагерінде дайындықтан өткен. Атышулы Усама бен Ладен Суданға келген кезде бен Каму оның жеке жүргізушісі әрі күзетшісі болған. Сол жылдары ол АҚШ-тың арнайы тағайындалған әскери бөлімі тарапынан тұтқынға алынып, Гуантанамодағы абақтыға қамалған. Кейін, 2007 жылы Ливияға экстрадицияланған Каму, 2011 жылғы кезекті бір көтеріліс кезінде Триполидегі түрмеден қашып кеткен. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Камудың тікелей жетекшілік етуімен орын алған ең ірі террорлық іс — 2012 жылы Ливияның Бенгази қаласындағы АҚШ-тың дипломатиялық өкілдігіне жасаған шабуыл. Осы шабуыл кезінде америкалық төрт дипломат пен АҚШ-тың елшісі қаза тапқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы