Ресей президенті Владимир Путин: «Үшінші дүниежүзілік соғыс бүгінгі өркениеттің соңы болады» - деп мәлімдеді.
Владимир Путин мамыр айының 7-і күні «Ресей-24» телеарнасының «Тікелей эфир Владимир Путинмен» атты арнайы бағдарламасында Ресей халқының сұрақтарына жауап берді. Онда ол: «Біз үшінші дүниежүзілік соғыстың бүгінгі өркениеттің соңы болуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек және халықаралық аренада осы оймен іс-әрекеттер жасаумыз қажет. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік державалар арасында ғаламдық қақтығыстар болған жоқ. Себебі державалар арасында стратегиялық теңдік болды» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Ресей мен АҚШ арасында ешқашан соғыс болмайды. Себебі Владимир Путин мен Дональд Трамп және Ресей мен АҚШ-тың әскерилері бұған жол бермейді» - деген.