Гватемала үкіметі Фуэго жанартауының атқылауының салдарынан 109 адамның қаза тапқаны туралы мәліметті растады. Бұл туралы «AP»  агенттігі Гватемаланың Сот-медициналық институтына сілтеме жасап хабарлайды.

Негізінен, бұған дейін табиғи апат аймағында 200 адам із-түзсіз кеткен. Табиғи апаттармен күрес жөніндегі мемлекеттік агенттік бұны ауа-райының күрт бұзылуымен байланыстырады: жанартау атқыламастан бір күн бұрын нөсер жауын жауып, сел тасқынына қауіп күшейген. Сонымен қатар, құтқарушылардың өзі әлі де суып үлгенмеген күл шоқтарынан зардап шеккен. Оның үстіне, жанартау атқылағаннан бері 72 сағат өткен, бұл — жанартау қалдықтарының астында қалып қойған адамдарды аман алып қалудың мүмкін еместігін көрсетеді. "Ұшты-күйлі кеткердердің жақындары оларды өз беттерінше іздеуге талпынуда. Ал, бұл өздеріне де үлкен қауіп төндіруде", - деп хабарлаған Гватемала билігі.

Бұдан бұрын, Гватемаладағы Фуэго жанартауы екінші рет атқылады деп хабарланып, билік тұрғындарды шұғыл көшіруді қолға алған еді.

Естеріңізге сала кетсек, 3 маусым күні Гвалемалада Фуэго жанартауы алапат жағдайда атқылап, мамандар бұның соңғы онжылдықтағы ең жойқын жанартау атқылауы деп хабарлаған болатын. Фуэго жанартауы Гватемала астанасынан шамамен 40 шақырым қашықтықта әрі туристер арасында аса танымал Антигуа қаласының маңында орналасқан.

“The Qazaq Times”