АҚШ пен Гватемаланың артынша Парагвай да Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшірді. Парагвайдағы Иерусалим елшілігі салтанатты рәсімнен кейін қызметіне кірісті, деп хабарлайды lanouvellerepublique.fr ақпарат агенттігі.
Бұған дейін, атап айтқанда 16 мамыр күні Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшірген Ақ үйдің шешімі әлемдік ақпарат құралдары мен саясаткерлердің талқысына түсіп, палестиналықтардың да наразылығын тудырғаны туралы жазған едік. Осындай шешімінің артынша өзге елдерді де елшіліктерін Иерусалимге көшіруге үндеген АҚШ-тың бастамасын Гватемала қолдап, Израильдегі елшілігінің орнын ауыстырған еді. Ал кейбір елдер АҚШ-тың бұл әрекетін қолдамақ түгілі, Иерусалимдегі елшілерін кері қайтарып алған болатын. Оның үстіне, Газа секторы мен Израиль шекарасындағы 60-тан астам адамның қаза табуы мен жүздеген адамның жарақаттануына АҚШ-тың осы шешімі себеп болды деп есептегендер де болды. Алайда, бүгін АҚШ-тың қадамын қайталаған екінші ел шешімін жария етіп отыр.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі