Дамыған лазерлі картограмма Гватемаланың солтүстігіндегі джунгли астынан ежелгі Майя қаласының 60 мыңнан астам құрылымын анықтады. Олардың арасында үйлер, сарайлар және 90 метрлік пирамидалар бар, деп хабарлайды CNN ақпарат агенттігі.
Лазермен жабдықталған арнайы ұшақтар джунгли үстінен жай ұшып өткен күннің өзінде жер астындағыны көре алады. Сол арқылы жер астына жүргізілген зерттеу бойынша "Майя қалалары біз ойлағаннан әлдеқайда үлкен" деген болжам бар.
Зерттеу тобын басқарушылардың бірі - Марчелло Кануто (Marcello Canuto): "National Geographic-тің табылған қалалар жайлы жариялаған ақпарат көлемі Мезоамерикалық өркениет туралы жалпы адамзаттың түсінігін өзгертуі мүмкін", - дейді.
2100 шаршы шақырым жерден алынған ақпаратты экстраполяциялау кезінде бұл аймақта тұрған халық саны әлдеқайда көп екендігі анықталған. Болжам бойынша, Майя қалаларында (қазіргі Гватемала мен Мексиканың кейбір бөлігі) 10 млн-ға жуық адам тұрған, бұл бұрындары жүргізілген зерттеулер көрсеткішінен бірнеше есе үлкен.
Майя мәдени және табиғи мұрасы (PACUNAM) қорының негізін қалаушы - Кануто лазерлі картограмма археологтардың дәстүрлі әдістеріне қарағанда қымбат екенін айтады. Сол себепті археологтар эколог немесе қоршаған орта мамандарымен бірігіп жұмыс істесе, шығынды әлдеқайда азырақ қажет ететін аэротүсірілімнің өзі тиімді болу мүмкін екендігін алға тартады.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?