Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Дональд Трамп Австрияда кездесуі мүмкін – деп хабарлайды «Wall Street Journal» басылымы.
«Wall Street Journal» мәліметінше, Владимир Путин Австрия канцлері Себастьян Курцпен өткен кездесуде одан АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу ұйымдастыруды сұраған. Курц өз кезегінде Путиннің бұл өтінішін қабыл алған. Алдын ала болжамдар бойынша, Трамп пен Путиннің кездесуі Австраия астанасы Вена қаласында өтуі мүмкін.
Естеріңізге салайық, наурыз айында Дональд Трамп алдағы уақытта Владимир Путинмен кездескісі келетіндігін айтып, оны Ақ үйге шақыруға ниетті екендігін мәлімдеген. Бірақ сол уақыттан бері қос тарапта кездесуге қатысты ешқандай келіссөздер жүргізбеген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды