Грекия мен Македония арасындағы «ел атауы мәселесінің» біржақты етілуіне аз күндер қалғанда Грекияда «Македония Грекияға тиесілі» деген ұрандармен халық митингтерге шығуда, деп мәлімдейді fr.euronews.com агенттігі.
Македония мен Грекия арасындағы Македония Республикасының атауының өзертілуіне қатысты дау реттеліп, түбегейлі түрде біржақты етілуге аз уақыт қалғанда Грекияда халық митингке шықты. Грекияның 20 бірдей қаласында: «Македония Грекияға тиесілі» деген мәндегі ұрандармен митингтер ұйымдастырылуда. Жергілікті халықтың айтуынша, Македония бұрыннан келе жатқан гректердің жері, сол себепті солтүстіктегі көршілер мемлекеттерінің атауын олармен бірдей атамау керек.
Митингтерге қатысқан мыңдаған грекиялықтардың қатарына АНЕЛ партиясының кейбір өкілдері мен дін өкілдері де қосылған. Кейбір белсенділер ұсынған атаулардың арасында: «Жаңа Македония», «Жоғары Македония» және «Солтүстік Македония» атаулары бар.
"Ел атауы мәселесі" туралы не білеміз?
Әлемнің көптеген елдері Македонияны оның заңды атауы "Македония Республикасы" деп таниды. Ал, Грекия өз территориясында "Македония" деп аталатын аймақ болғандықтан оның атауын өзгертуді бұрыннан талап етіп келген еді. Македония, тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бері оңтүстіктегі көршісі Грекиямен арадағы "ел атауы мәселесіне" байланысты Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше бола алмаған. Македония БҰҰ мүшелігіне қабылданған 1993 жылының сәуір айында БҰҰ Бас Ассамблеясында халықаралық тұрғыдан танылғанмен, оңтүстік көршісі Грекияның наразылығына орай, уақытша "Бұрынғы Югославия республикасы Македония" деген атпен мүшелікке қабылданған болатын.