Мемлекетке айтарлықтай нұқсан келтіретін заңсыз көші-қонды шешу мақсатында Германия канцлері Ангела Меркель Африка елдеріне үш күндік сапарға аттанды. Сапар барысында ол Гана, Нигерия және Сенегал мемлекеттерінің басшыларымен миграция мәселесін талқыламақ.
Өз сөзінде Меркель елдегі наразылық пен дағдарысты шешудің бірден-бір жолы тұрақты тәртіп орнату екендігін айтты. Сондай-ақ ол: «Сенегал тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Германиямен тығыз серіктестік орнатты. Алдағы уақытта заңсыз көші-қонды шеше отырып, жеке инвестицияны дамыту үшін бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет. Сенегал – жыл сайын еңбек нарығы 300 мың адаммен толысып отырған жас мемлекет. Біздің басты мақсатымыз – африкалық қонақтардың елден қоныс аударуын болдырмай, жұмыспен қамтамасыз ету», – деді.
Аталған сапар барысында Германия канцлері «Африкамен келісім» деп аталатын ірі 20 бастаманың бірін жүзеге асырмақ. Сонымен қатар Меркель әлем назар аударған миграция мәселесіне де қатты алаңдаушылық білдірді. Осы аптада Иран мен Сүриядан келген екі келімсек 35 жастағы неміс азаматын пышақап өлтірген болатын. Қанды оқиға күллі Германияны дүрліктіріп, Хемниц қаласының тұрғындары жаппай ереуілге шыққан. Маңызды іссапарында ол мигранттар мен жергілікті тұрғындар арасында дау туындамау керектігін ескертті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді