Ресей "С-500" әуе қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі АҚШ барлау қызметіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, АҚШ барлау қызметі Ресей қарулы күштерінің "С-500" әуе қорғаныс жүйесін сынақтан сәтті өткізгендігін анықтаған. Алдан ала болжамдар бойынша "С-500" әуе қорғаныс жүйесі сынақ кезінде 481 шақырым қашықтықтағы нысананы атып түсірген.
"С-500-дің" "С-400" әуе қорғаныс жүйесінен айырмашылығы оның ұзақ қашықтықтағы зымырандар мен әуе нысандарын атып түсіре алуында. "С-400" 400 шақырым жердегі зымырандарды ата алатын болса, "С-500" 600 шақырымдағы нысаналарды атып түсіруге қауқарлы.
Естеріңізге салайық, қазіргі таңда Қазақстан қарулы күштерінің арсеналында "С-300" әуе қорғаныс жүйесі бар. Ол 200 шақырым қашықтықтағы нысаналарды атып түсіре алады.