Өзбекстан АҚШ пен Ресейді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Мамыр айының 29-ы күні Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Мәскеу қаласында өткен «Пимаков оқулары» бас қосуында АҚШ пен Ресейді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Ол өз сөзінде: «Соңғы жылдары Таяу Шығыс пен Ауғанстанда болып жатқан оқиғалар тікелей Орталық Азияға әсер етуде. Орталық Азия жастарының Ирак пен Сүриядағы террорлық ұйымдардың арбауына түсуі амақ тыныштығына қауіп тондіруде. Бұл мәселені шешуде АҚШ пен Ресейдің алатын орны ерекше. Сол себепті Таяу Шығыс пен Ауғанстан мәселесінде АҚШ пен Ресей білесіп жұмыс істеуі тиіс» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін наурыз айның 26-ы мен 27-і күндері аралығында Ташкент қаласында Ауғанстан дағдарысына қатысты халықаралық конференция өткен. Оған Орталық Азия елдері мен Ресейдің сыртқы істер министрлері, АҚШ, Еуроодақ және Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілдері қатысқан.
Жалпы, Өзбекстан билік басына Шавкат Мирзиеев келгелі бері халықаралық аренада өзін "модератор" есебінде көрсетуде. Бұған дейін Астана қаласында Сүрия дағдарысына қатысты халықаралық басқосулар өтіп келсе, енді ресми Ташкентте Ауғанстан немесе Таяу Шығыс мәселесінде "бітімгер" рестінде өз бағын санап көруде.