«УЕФА EURO-2016 финалына қатысқан 54 ұлттық ассоциацияның футболл клубтарына 150 миллион еуро қаражат бөлді», – деп хабарлайды zakon.kz УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ дәл сондай көлемдегі соманы 641 клуб алады. Жалпы алғанда, УЕФА-ның өзінде 54 ұлттық ассоциация бар. Ал EURO-2016 барысында 329 матч – квалификация үшін және 51 – финалдық ойын болған. 2015 жылғы Меморандум шарты бойынша, ЕУРО-2012-ге қарағанда 50 миллион еуроға көп берілетін 150 миллион еуроны УЕФА мен Еуропа клубтарының Ассоциациясы бекіткен.
Яғни, финалдық кезеңге шыққан футбол командалары 100 млн еуро алса, 50 млн-ды финалға шақпаса да, іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін беріледі.
Ал Қазақстан құрамаларына жалпы көлемде 1 млн 199 386 еуро қаражат бөлінеді. Аталмыш сыйақыны алатын құрамалар төмендегі тізімде:
- "Қайрат" - 316 225
- "Ақтөбе" - 239 664
- "Астана" - 217 489
- "Ордабасы" - 150 355
- "Шахтер" - 87 707
- "Тараз" - 50 118
- "Атырау" - 45 941
- "Иртыш" - 33 412
- "Тобыл" - 29 235
- "Қайсар" - 16 706
- "Жетысу" - 8 353
- "Окжетпес" - 4 176
Айта кетейік, УЕФА ЕУРО-2020 ойындарына қатысатын әрбір футбол клубтарына 200 миллион еуро сыйақы беруді жоспарлап отыр.
«The Qazaq Times»


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады