Иран Еуропа елдеріне ультиматум қойды – деп хабарлайды AFP ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, мамыр айының 13-і күні Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуына байланысты Еуропа елдерінен ультиматум қойған. Ол өз мәлімдемесінде: «АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуына байланысты Еуропа елдері 60 күн ішінде Иран мүдесін қорғайтын кепілдік құжаттар әзірлеуі тиіс. Егер Еуропа елдері белгілінген уақыт ішінде құжаттарды дайындамайтын болса, онда Иран өз мүдесін қорғау үшін тиісті шешім шығаратын болады» - деген.
Естеріңізге салайық, мамыр айының 8-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеген. Оның бұл шешімін экс-президент Барак Обама қатаң сынға алып, «Трамптың Иранға қатысты шешімі үлкен қателік» - деп мәлімдеген.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды