АҚШ Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы ядролық қарудан бас тартқан жағдайда оның экономикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрімен болған баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды «euronews.com» агенттігі.
Помпеоның сөзінше, оның Пхеньянға жасаған іссапарының басты мақсаты —Корей жарты аралын ядролық қарусыздандыру. Ол КХДР басшысы Ким Чен Ынмен «мазмұнды» әрі «жақсы» әңгіме өрбігенін де тілге тиек етті.
Еске салайық, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Пампео Пхеньянға ресми сапармен барған еді. Іссапар қорытындысы бойынша, Солтүстік Корея америкалық үш азаматты азат еткен болатын. Ал оның осы сапарынан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен 12 маусымда Сингапурде кездесетінін мәлімдеді.
Екіжақты келіссөздерден кейін екі Трамп пен Ким екі ел арасында 1953 жылдан бері қағаз жүзінде жалғасып келе жатқан соғысқа нүкте қою туралы бейбіт келісімшартқа 2018 жылдың соңында қол қоятындықтарын хабарлаған еді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі