Ресей үкіметі келер жылдан бастап арнайы марка жапсырылатын тауарлардың тізімін шығармақ. Арнайы марка негізінен киімдер, иіссу, әрлік бұйымдарға бағытталған. Арнайы марка жапсыру деген не немесе ол неге керек болды? BBC Ресей үкіметінің бұл қадамдарына талдау жасап көрді.

Ресей үкіметі бұл шаралардың кантрабандалық жолмен кірген тауарларға шектеу қою мақсатында жасалып жатқанын айтады. Қазіргі кезде Ресейде кейбір тауарларға арнайы маркалар жапсырылып, ондағы электронды орын белгілеу құрылғысы арқылы тауардың қозғалысын бақылап отырмақ. Айталық, тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы қозғалысын қарап отырмақ.

Алдағы уақытта бұл жүйе дәрі-дәрмектер мен темекі секілді өнімдерге де қолдану жоспарда тұр. Дәрі-дәрмекке DataMatrix белгісінің көмегімен аталған жүйені енгізу тәжрибелері сынақтан өтуде. Дәру туралы мәліметтер «Маркировка» деп аталатын жүйеде орнатылады да, оны тұтынушы смартфон арқылы сапасын, шын-жалғанын анықтай алады. Ресей үкіметі бұл тәжрибені 2020 жылға дейін толықтай іске қосып болмақ.

Тізімдегі тауарлар

Ресей үкіметінің қарары бойынша 2019 жылдан бастап мына тауарларға аталған тәжрибе қолданыла бастайды: темекі өнімдері, иіссулар, көлік дөңгелектері, киімдер, әрлік бұйымдар, фотокамера және т.б. тауарлар бар.

Ресей үкіметінің жаңа экономикалық саясаты қандай болуы мүмкін?

Аталған тауарларға марка қандай жолмен басылатыны анық емес. Бұл жүйенің пайда-зияны туралы талас-тартыс көп. Кейбір тараптар бұл өндірушілерге қыруар артық шығындарды алып келеді, ал үкімет өндірушілерді шығынға батырып, тауарларды бақылауда ұстайды деген пікірлер айтуда.

РБК басылымы British American Tobacco компаниясына сілтеме жасай отырып, аталған жүйе іске қосылғаннан кейін темекі өндірушілердің алғашқы жылдағы шығыны 185 млн АҚШ доллары болатынын алға тартты. Ал бұған шамамен 3 млрд рубль көлеміндегі жабдықтау шығыны, 1,5 млрд рубль көлеміндегі документ алмастыру шығындарын қосуға болады.

«Ведомости» басылымының айтуынша тауарларға арнайы марка басу кез-келген тауардың бағасын 10 пайызға жоғарылатуы мүмкін. Аталған басылымға бұл есепті, әрлік бұйымдары мен иіссу өндіруші компаниялардың жетекшілері берген. Тұрмыстық бұйымдар мен әрлік бұйымдарын өндіруші топтар Ресей үкіметінің бұл саясатына наразылық танытуда. Олар марка басу қымбат болмағанымен, арзан тауарлардың бағасын ырықсыз түрде қымбаттатып тұтынушыларға да салмақ түсіреді деп қарайды.

Айта кету керек, Еуразиялық экономикалық одақ құрамында болғандықтан, Қазақстандық өндірушілерге де Ресейдің жаңа ережесі өзіндік әсерін тигізеді. Кейбір сарапшылар, бұл саясат жүзеге асса үлкен әлеуметтік, экономикалық толқуларды тудыруы да ғажап емес деген ойды айтады.

“The Qazaq Times”