Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өткен мерекелік концертте сөз алған Елбасы Н.Назарбаев биыл қаңтар айының 16-18 күндері АҚШ-қа жасаған ресми сапары кезінде Дональд Трамппен не туралы сөйлескенін және америкалық әріптесінің өзінен не сұрағанын айтты, деп хабарлайды «Sputnik Қазақстан» ақпарат агенттігі.
«Мен қаңтар айында жұмыс барысымен АҚШ-та болдым. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның қай елдермен жанжалдасып жүргенін сұрады. Мен ешбір елмен қақтығыспайтынымызды айттым. Барлық мемлекет бізді сыйлайды, ал біз оларды құрметтейміз дедім» , - деді Нүрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен мерекелік концертте.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айында Елбасы АҚШ-қа ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйлесіп, ресми және іскер топтардың өкілдерімен кездескен еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы