Палестина мемлекет басшысы Махмұд Аббас мәлімдеме жасап, Иерусалимсыз ешқандай бейбітшілік болмайтынын, Газасыз ешқандай мемлекеттің де болмайтынын атап көрсетті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Махмұд Аббас аталған мәлімдемесін, Батыс Шериядағы Рамаллах қаласында өткен Палестина Ұлттық Кеңестінің 23-ші кезекті жиналысында ортаға салды. Ол сөзінде: «Иерусалимсыз ешқандай бейбітшілік болмайды. Оған қоса Газада бір мемлекеттің құрылуы мүмкін емес, ал Газасыз да ешқандай мемлекет болмайды», – деді.
Палестина Ұлттық Кеңесінің кезекті мәжілісінде Иерусалим Палестина мен Израиль арасындағы бейбітшілік пен келісімнің бірден бір кепілі екенін, ал бір ғана Газаны мемлекет етіп құрудың негізі жоқ екенін, алайда, Газасыз Палестинада болмайтыны бір ауыздан мақұлданды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау