Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары кездесті – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
КХДР басшысы Ким Жоң Ун мен Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн екі ел арасындағы Пханмунжом шекара бекетінде кездескен. Кездесу барысында Ким Жоң Ун «Солтүстік Корея делегациясы бұл кездесуді бейбітшілік пен даму жолындағы жаңа тарихтың басы деп біледі» - деген. Ал өз кезегінде Мүн Жайн КХДР басшысын алдына ала келісілген келісімдер бойынша жұмыс істеуге шақырған.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Ким Жоң Ун мен Мүн Жайн кездесу барысында Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасы жөніндегі және бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қояды. Бұл жолғы кездесудің басты ерекшелігі КХДР басшысының араға 65 жыл салып Оңтүстік Корея аумағына аяқ басуы. Осы уақыт аралығында бір де бір солтүстік кореялық жоғары лауазымды тұлға Оңтүстік Корея аумағына өтпеген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды