Усама бин Ладеннің оққағары деп танылған тунистік азамат 1997 жылы Германияға қоныс аударған. Германиядағы ұлтшылардың қолдауына ие болған «Германия үшін альтерантива» партиясы «Сами А» деп аталатын бұл адам туралы мәселені көтере бастағанда, жергілікті билік еріксіз ол туралы мәліметтерді, оған қоса үкіметтен қанша жәрдемақы алатына туралы мәліметті таратты. Мәліметке сәйкес ол Германия үкіметінен 1,168 еуро жәрдемақы алады. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлады.
Германия медиасы «Сами А» деген атпен белгілі бұл адамның толық аты-жөнін қауіпсіздік шарттарына сәйкес ашық жария етпеді. «Сами А» осыған дейін өзінің жиһатшыларға қатысының жоқ екенін айтып келеді. Германия жақ оның қауіпсіздігіне байланысты депортациялауға жол бермейді. Себебі, Германия үкіметі жиһатшылармен қатысы бар кейбір адамдарды депортациялағаннан кейін өз елінде ауыр қинауға ұшырағанын мәлімдеген.
Усама бин Ладен «әл-Каида» ұйымының жетекшісі және 2001 жылғы «11 қыркүйек оқиғасын» ұйымдастырушы деп танылған. Оның АҚШ-тың арнайы жасағы Пәкістан жерінде 2011 жылы атып өлтірген. АҚШ-тағы террорлық шабуылға қатысушы ұшқыштар Германияның Гамбург қаласында «әл-Каида» ұйымына қарасты орталықта тәрбиеленген деген деректер бар.
2005 жылы террорлық топтың жақтаушылары қатарындағы шектелген адамдар тізімінде «Сами А», 2000 жылдары Усама бин Ладеннің оққағары деп танылған. «Сами А» Германия жерінде төрт баласы және әйелімен бірге жасап келеді. Дегенмен, қауіпсіздікке қатер төндіргені үшін Германия полиция тараулары оның еркін жүріп-тұруына шектеу қойған. Ол әр күні полиция қызметкерлеріне жолығып, іс-әрекеттері туралы мәлімет беріп тұруға міндеттелген.