АҚШ пен Ресей санкция мәселесін талқылады – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, сәуір айының 20-ы күні Уашингтон қаласында өткен Халықаралық валюта қоры бас қосуында Ресей қаржы министрі Антон Силуанов пен АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин санкция мәселесін және Солтүстік Корея, Сүрия, Украина мәселелерін талқылаған. Бірақ қос тарапта кездесуден кейін қандай да бір келісімге келген-келмегендігі жөнінде ресми ақпарат таратпаған.
Естеріңізге салайық, 6 сәуір күні АҚШ бірқатар ресейлік бизнесмендер мен саясаткерлерге санкция жариялаған. Олардың ішінде «Газпром бұрғылау», «Рособоронэкспорт» сияқты компаниялар мен Виктор Вексельберг, Роман Абрамович сияқты танымал олигархтар бар.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?