Қытай басшысы Ши Жиңпиң Солтүстік Кореяға ресми іс-сапармен бармақ – деп хабарлайды СNN телеарнасы.
СNN арнасының Қытай билігіндегі ақпарат көзінің мәліметінше, Ши Жиңпиң Солтүстік Кореяға АҚШ президенті Дональд Трмап пен КХДР басшысы Ким Жоң Ун кездесуінен кейін бармақ. Бірақ оның нақты қай уақытта Пхеньянға баратыны жөнінде әзірге ешқандай ресми ақпарат жарияланбаған.
Жалпы, Ши Жиңпиң билік басына келгелі бері бір де бір рет Солтүстік Кореяға ресми іс-сапармен бармаған. Ал Ким Жоң Ун бұған дейін Бейжіңге бір рет бейресми іс-сапармен келген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ақ үй әкімшілігі Дональд Трамп пен Ким Жоң Ун маусым айында кездесуі мүмкін деген ақпарат таратқан. Ал күні кеше АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Пхеньянда Ким Жоң Унмен құпия кездесу өткізген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды