АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Майк Помпео Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен кездесті.

The Washington Post басылымының мәліметінше, Майк Помпео АҚШ президенті Донаьлд Трампдың тапсырмасы бойынша Пхеньян қаласында Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен құпия кездесу өткізген. Бұл ақпаратты Дональд Трамп та растаған. Ол осыдан бірер күн бұрын Солтүстік Корея билігімен жоғары дәрежеде келіссөздер жүргізіп жатқандығын мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Дональд Трамп Ким Жоң Унмен маусым айында кездесуі мүмкін екендігін және кездесу өтетін аймақ АҚШ-тан тыс жерде екендігін айтқан.

“The Qazaq Times”