Қазақстан Сүрия мәселесінде Ресейді қолдамады.
Сәуір айының 14-і күні өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысында Қазақстан Сүрия мәселесіне байланысты ұсынған Ресей қарарын қолдамады. АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сүрияға жасаған әуе шабуылын сынға алған қарарды Ресей, Қытай және Боливия үштігі қолдап, қалған сегіз мемлекет қарсы шыққан. Ал Қазақстан, Перу, Экваторлық Гвинея және Эфиопия дауыс беруде қалыс қалған.
Естеріңізге салайық, сәуір айының 14-і күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарулы күштері Сүрияны әуеден шабуылдаған болатын. АҚШ ресми өкілдерінің хабарлауынша, шабуыл барысында Сүрияға қарата 100-ге жуық қанатты зымыран атылған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап