Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Қытай басшысы Ши Жинпиңмен кездесті.
Қырғызстан социал-демократиялық партиясының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, сәуір айының 11-і күні Алмазбек Атамбаев Қытайдың Боао қаласында Ши Жинпиңмен кездескен. Кездесу барысында екі ел басшылары «Бір белдеу – Бір жол» жобасы аясында екі жақтық қарым-қатынастың даму қарқыны жөнінде әңгімелескен. Бұдан бөлек Ши Жиңпиң Алмазбек Атамбаевты Қырғызстан социал-демократиялық партиясының төрағасы болып сайлануымен құттықтап, екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатуға үлес қосқаны үшін алғыс білдірген. Ал өз кезегінде Алмазбек Атамбаев Ши Жинпиңге «Боао Орталық Азия» форумына шақырғаны үшін алғыс айтқан.
Естеріңізге салайық, наурыз айының 31-і күні өткен Қырғызстан социал-демократиялық партиясының құрылтайында Алмазбек Атамбаев партия төрағасы болып сайланған және құрылтайдан кейін өткізген баспасөз мәслихатында президент Сооронбай Жээнбековты қатаң сынға алған. Осыдан кейін көптеген сарапшылар "Атамбаев пен Жээнбеков арасында билік үшін талас жүріп жатыр" - деген болжам айтқан. Ал бұдан сәл ертеректе БАҚ беттерінде Қытай билігінің Қырғызстан социал-демократиялық партиясына 1 миллион сом көлемінде қаржы бергендігі жөнінде ақпарат тараған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?