Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың билік басындағы «Социал-демократиялық» партиясы Қытайдан қаржы алған.

«Азаттық» радиосының «Арай коз чарай» бағдарламасында Жоғары Кеңес депутаты Рыскелді Момбеков билік басындағы Социал-демократтардың Қытай Коммунистік партиясынан 1 миллион сом көлемінде қаржылай көмек алғандығын айтты. Оның сөзінше, Қырғызстан Социал-демократиялық партиясы Қытай Коммунистік партиясынан бөлек, Ресейдің «Единая Россия» және Қазақстанның «Нұр Отан» билік партияларымен де жақсы байланыс орнатқан және Қытай тарапы бөлген қаржы партияның мәжіліс залы мен техникалық құрал-жабдықтарына жұмсалады деп жоспарлануда.

СДП төрағасының орынбасары Фарид Ниязовтың айтуынша, Қытай тарапы Социал-демократтарға былтырғы жылдың күзінде көмек көрсеткен. Оның өзінде қаржылай емес техникалық көмек берген және ол көмекті СДП емес Жоғары Кеңес алған. Бірақ Жоғары Кеңес баспасөз қызметінің басшысы Ибрагим Нұрақынұлы Фарид Ниязовтың сөзін жоққа шығарған. Ол өз сөзінде: «Жоғары Кеңес Қытай Коммунистік партиясынан ешқандай көмек алған жоқ. Жоғары Кеңес парламенттік жүйені қолдайтын ұйымдармен ғана жұмыс істейді. Былтыр Жоғары Кеңеске Қытай Халық Республикасының Қырғызстандағы елшілігі 1 миллион сом көлемінде көмек көрсетті. Көмек Қытай тарапының бастамасы бойынша жасалды. Оның өзінде қаржылай көмек емес. Олар бізге техникалық құрал-жабдық алып берді» - деген.

Айта кететін бір жайт, Қырғызстан Ата Заңындағы (1999 жылы 12 маусым күні қабылданған) «Саяси партиялар жөніндегі» 16 бап бойынша, ел аумағындағы саяси партияларға шетелдік партиялардан, ұйымдардан, заңды және жеке тұлғалардан қандай да бір қаржылай көмек алуға тыйым салынған.

“The Qazaq Times”