Қарақалпақстан Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толды.
Сәуір айының 9-ы күні Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толды. Қарақалпақстан Конституциясы осыдан 25 жыл бұрын яғни 1993 жылдың 9 сәуір күні Жоғары кеңестің ХІІ сессиясында қабылданған. Ата Заңның бірінші бабында «Қарақалпақсын Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін демократиялық Республика. Екі ел арасындағы қарым-қатынас арнайы келісім құжаты арқылы реттеледі. Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан шығуға құқылы. Ол жалпы халықтық референдум арқылы жүзеге асырылады» - делінген.
Естеріңізге салайық, 1925 жылдың 16 ақпан күні Қарақалпақстан АССР-ы Қазақ АССР-ның құрамына кірген. Бірақ көп ұзамай ол 1930 жылы 20 шілде күні Қазақ АССР-ның құрамынан шығарылып, тікелей РСФСР басқаруына өткен. Кейіннен 1932 жылы жеке Қарақалпақстан АССР болып құрылып, 1933 жылы автономиялық аймақтың астанасы болып Нүкіс қаласы бекітілген. Алайда арада үш жыл өткен соң 1936 жылдың 5 желтоқсанында Автономиялық Республика Өзбекстан АССР-ның құрамына кірген. 1990 жылдың 14 желтоқсанында Қарақалпақстан АССР-ы Жоғары кеңесі мемлекеттің толықтай тәуелсіздігі жалпы халықтық референдум арқылы жүзеге асыратылындығы жөнінде шешім қабылдаған. 1992 жылдың қаңтар айының 9-ы күні Автономиялық аймақ атауы Қарақалпақстан Республикасы болып өзгертілген. 1993 жылы Қарақалпақстан Республикасының 20 жыл Өзбекстан құрамында болатындығы жөнінде үкімет аралық келісімге қол қойылған. Келісім бойынша, Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан жалпы халықтық референдум арқылы бөлініп шыға алады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?