Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Қырғызстан біз үшін айырықша маңызға ие» - деп мәлімдеді.
Сәуір айының 9-ы күні Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен өткен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Түркияға қош келдіңіз. Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті ретінде жасаған алғашқы сапарларының бірін Түркия еліне арнады. Осыған байланысты өзімнің және Түркия халқының атынан рахмет айтамын. Жээнбековтың басшылығы кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынас одан ары дамиды деп үміттенемін» - деген.
Естеріңізге салайық, 9 сәуір күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Анкараға ресми іс-сапармен барған. Онда ол Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, екі жақтық мәселелерді талқылаған. Атап айтқанда қос тарап сауда-саттық, денсаулық, энергетика, тау-кен және жүк тасымалы салалары бойынша келіссөздер жүргізген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды