Өзбекстан үкіметі бес жылдың көлемінде экологиялық жағдайы нашар Арал аймағының дамуына 2,6 миллиард доллар бөлуді көздеп отыр. Өзбек президенті Шавкат Мирзияев 2017−2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Құжат 30 қаңтарда күшіне енді. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" хабарлайды.
Қаражат аймақ тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталады. Атап айтқанда, жұмыс орындары ашылып, жаңа үйлер салынады, су жүргізіледі, медициналық қызмет жақсарады, жергілікті тұрғындарға шағын несиелер бөлініп, әлеуметтік төлемдер өседі.
Көлемі жағынан әлемдегі төртінші табиғи су қоймасы - Арал теңізі - 1960 жылдардан бері 90 пайызға азайды, оның бір себебі - теңізге құйылатын Амудария мен Сырдария өзендері советтік ирригациялық жобаларды жүзеге асыруға пайдаланылды.
Бұның соңы Қарақалпақстан өзбек автономиясы мен Қазақстанда экологияның күрт нашарлауына алып келді.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?