Сүрия үкіметінің мемлекеттік телеарналар арқылы таратқан хабарына қарағанда, бүгін таңертең Хомс провинциясындағы әуе базасына зымыран шабуылы жасалып, бірнеше жауынгер қаза тапқан. Сүрия күштері шабуыл жасаушы АҚШ-тың сол елдегі қарулы күштері деп көрсеткен. Бұл туралы VOA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Бұл туралы АҚШ үкіметінің және қарулы күштерінің өкілдері мәлімдеме жасап, аталған айыптауды теріске шығарды. АҚШ-тың ресми өкілі бұл туралы: «Бұл Сүрия режимінің сенбі күні Дамаск маңына жасаған химиялық шабуылды бұрмалау үшін жасаған қадам. АҚШ тарабынан мұндай зымыран шабуылы болған жоқ», – деді.
Айта кетейік өткен аптаның соңында Шығыс Гутаның Дума ауданында болған химиялық шабуылдан 40 адам қаза тауып, жүзден аса адам түрлі дәрежеде уланған.
Ақ үй жексенбі күні кеште таратқан мәлімдемеде, АҚШ президенті Трамп химиялық шабуылға байланысты Франция президенті Макронмен арнайы сөйлескен. Екі ел басшысы Башар Асад режимін сынға алып, химиялық шабуылдың жауапкершілігін өз мойынына алуы керек деп ескерткен. Әрі алдағы уақытта қарсы шаралар қолдану туралы кеңескен.
Жексенбі күні Құрама Штат президенті Твиттер парақшасында: «Сенбідегі химиялық шабуылды жасаушы, бұл ауыр шығынды өз мойнына алуы керек», – деген пікірін білдірген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?