Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хеге 18 млрд. вон (шамамен 17,5 млн. доллар) айыппұл салынып, әрі сырттай 24 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Бұл туралы «Yonhap» агенттігі Сеулдің Орталық аудандық сотының ресми ақпараты бойынша хабарлайды.
Сот Пак Кын Хенің мойнына ілінген мемлекеттік құпияны жариялау, бопсалау, пара алу және қызметін асыра пайдалану сынды бірқатар айыптаулар негізінде өткен. Алайда, оңтүстіккореялық бұрынғы президент бұлардың барлығын жоққа шығаруда. Оңтүстік Корея Прокуратурасы 66 жастағы экс-президентті 30 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.
Негізінде, Пак Кын Хеге қатысты жемқорлыққа байланысты дау 2016 жылы басталған. Тергеу нәтижелері бойынша, Пак Кын Хенің жақын құрбысы Чхве Сун Силь, экс-президентпен арадағы достығын пайдалана отырып, Samsung және Lotte сияқты ірі корпорациялардан ақша бопсалаған. 2016 жылдың соңында Корея Парламенті Пак Кын Хені сотқа тартып, 2017 жылдың сәуірінде оған айыптаулар тағылған. Ал оның құрбысы Чхве Сун Силь 2018 жылдың ақпан айында 20 жылға жемқорлық пен мемлекеттік істерге араласты деген айыптаулармен бас бостандығынан айырылған. Ол сонымен қатар 16.6 млн. доллар айыппұл төлеуге міндеттелген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді