"Еуропалық полиция агенттігі (Europol) босқындарды заңсыз жолмен өзге елдерге өткізбекші болған 65 мың қашқынды іздестіру үстінде", - деп хабарлайды ББС ақпарат агенттігі. Europol ресми өкілі Роберт Крепинко Францияның "AFP" ақпарат агенттігіне берген арнайы сұхбатында Еуропа Одағының (ЕО) Түркия мен Ливиямен жасасқан келісімшарттар нәтижесінде Еуропа құрлығына барған иммигранттардың санының азайғанына қарамастан, миллиардтаған еуро айналымына ие контрабандалық топтың әлі де бар екенін айтқан.
2015 жылдың қыркүйек айында Еурополдың дерекқорында 30 мың күдікті болған. 2016 жылдың соңында бұл көрсеткіш 55 мыңға жеткен. 2017 жылы бұл тізімге 10 мың адам тағы қосылған. Осы адамдардың арасында аты-жөндері жаңадан анықталған күдіктілер де бар көрінеді. Еурополдың мәліметтері бойынша, аты-жөндері анықталған қашқындардың 63 пайызы Еуропа елдерінің азаматтары. Ал олардың 45 пайызы Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінен кеткен. Статистикаға сәйкес, тізімдегі адамдардың 14 пайызы Орта Шығыстан келген. Олардың 13 пайызы Африка, 1 пайызы Америка құрлығынан, ал 9 пайызы Шығыс Азиядан қашқан. Еурополдың ресми мәліметіне сәйкес, осы қашқындар 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан екен.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы